Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық Банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

Әлемдік қаржы нарығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 15:08 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдердің энергия тасымалдаушылары мен валюта нарығындағы ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада  Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы пайда болуы туралы жаңалықтардан кейін, әлемдік қаржы нарығы әлденеге алаңдай бастады. Себебі  "омикрон-штаммына"  байланысты бірқатар елдердің әуе қатынасына тыйым салынып, мұнай бағасын, дамушы елдердің акциялары мен валюталарының бағаларын төмендеді.

Оңтүстік Африканың штаммы үш күн бұрын ғалымдардың назарына ілікті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алаңдаушылығын тудырған. Себебі жаңа штамм көптеген мутациялар ұшарап, вакциналарға төзімді бола түскен. Ұлыбритания, Сингапур, Австрия, Израиль, Гонконг жаңа штаммның анықталуына байланысты Оңтүстік Африкадан рейстерді уақытша тоқтатқан алғашқы елдердің қатарында болды. Еуропалық комиссия бүкіл Еуропалық Одаққа ұқсас ұсыныс дайындауда. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның дүйсенбісінен бастап коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты бірден Еуропаның үш елінде локдаун жарияланды. Нұржан Тұрсынханов

Оның айтуынша, жаңа шектеу шараларының жаппай енгізілуінен отынға деген сұраныстың күрт төмендеді. Осы күндері Brent маркалы мұнайдың бағасы 11,6%-ға төмендеді: бір баррель үшін $ 82,2-ден $ 72,7-ге дейін.

Мұнай нарығы стратегиялық резервтерден мұнай сату бойынша АҚШ пен басқа отын тұтынушыларының келісілген іс-қимылдарынан кейін қысымға ұшырады, бірақ коронавирустық жағдайдың нашарлауы баға белгілеулерінің құлдырауына әкелді. Нұржан Тұрсынханов

Ол елдерде инвестиция тарту жағы әлсіреп, қаржы нарығын да айналып өтпегенін атап өтті. Жұмада Eurostox 50 еуропалық акциялар индексі 4,8% - ға төмендеді, жапондық Nikkei индексі 2,5% - ға төмендеді, американдық S&P 500 индексі 2,3% - ға төмендеді.

Коронавирустың жаңа штаммымен байланысты құбылмалылық пен қауіптің жоғарылауы АҚШ доллары мен басқа да қорғаныс валюталарының одан әрі нығаюын қолдайды. Біздің еліміздің негізгі сауда серіктесі Ресей рублінің бағамы 1,2% - ға әлсіреді, жұма күні мұнай бағасының құлдырауы және Украина төңірегіндегі геосаяси белгісіздіктің салдарынан доллар үшін 74,6-дан 75,6 рубльге дейін. Жалпы, қараша айының басынан бері дамушы елдердің валюта индексі 4,6% - ға төмендеді, ал АҚШ долларының DXY индексі дамыған елдердің валюталарына қарсы 2,1% - ға нығайды. Нұржан Тұрсынханов

Оның айтуынша, бүгін Азия сессиясында нарықтарда Moderna және Pfizer фармацевтикалық компанияларының вакциналарын қысқа мерзімде жаңа штаммға бейімдеу мүмкіндігі туралы мәлімдемелері аясында кейбір түзетулер енгізілген. Мәселен, Brent маркалы мұнай бір баррель үшін бағасы 3,08% - ға, 74,96-ға $ дейін көтерілді.

Сыртқы нарықтардағы келеңсіздіктер мен мұнай бағасының құлдырауына жауап ретінде теңге бүгін бір доллар үшін 433,50-ге дейін немесе жұмадан бастап 0,4%-ға әлсірей отырып ашылды. Нұржан Тұрсынханов

Оның пікірінше, мұнайдың одан әрі динамикасы көбінесе 2 желтоқсанға белгіленген ОПЕК кездесуіне байланысты болады, онда сарапшылар жаңа СOVID-19 штаммының таралуының ықтимал теріс әсерін бағалауы тиіс.

"Егер қара алтынды өндіру көлемін азайта тұру туралы шешім қабылданса, бұл мұнай бағасы мен экспорттаушы елдердің валюталарына қолдау болмақ", деп атап өтті Нұржан Тұрсынханов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: