Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына не ықпал еткенін түсіндірді

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 16:09 zakon.kz/Максим Золотухин
Досаевтың айтуынша, мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан, ішкі валюта нарығында өсіп келе жатқан сұраныс теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетуде.

2021 жылдың қыркүйегінде ұлттық валюта шамалы құнсызданды. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Досаевтың айтуынша, мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан, ішкі валюта нарығында өсіп келе жатқан сұраныс теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетуде.

2021 жылғы 9 айда биржада екінші деңгейдегі банктердің сатып алуы 19%-ке ұлғайды және 2021 жылғы 7 айда тұтыну тауарлары импортының 25%-ке ұлғаюы аясында орташа алғанда айына 2,6 млрд АҚШ долларына жетті. Фискалдық ынталандыру және зейнетақы жинақтарын пайдалану да импорттың ұлғаю және шетел валютасына сұраныстың өсу факторлары болып табылады, - дейді ол.

Оның айтуынша, бюджетке трансферттерді жүзеге асыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатуы үшін Ұлттық қор қаражатын конвертациялау операциялары бір ай ішінде теңгеге қолдау көрсетті. Биылғы жылғы 9 айда квазимемлекеттік сектор компаниялары валюталық түсімді 2,3 млрд АҚШ доллары сомасына сатты.

АҚШ долларының жаһандық нығаюы дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге де қысым көрсетуін жалғастыруда. Нәтижесінде, мұнай бағасының бір баррель үшін 78,52 АҚШ долларына дейін 7,6%-ке айтарлықтай өсуіне қарамастан, бір айда ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 425,75 теңгеге дейін 0,1%-ке әлсіреді. 11 қазандағы жағдай бойынша айдың басынан бастап 0,3%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 424,55 теңге болды, деп сөзін түйіндеді Досаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: