Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз медиаорталығы экс-басшысының басы тағы дауға қалды

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 22:55 КТК
Шенділердің сөзінше, ол тоғыз ай бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен екен. Бірақ қара жамылған отбасы бұған сенбейді.

Бұған дейін өзі жетекшілік еткен мекемеге негізсіз ақша аудару дерегі бойынша тергеуге алынған ол, енді адам қағып, істі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тіпті ол қылмыс орнынан қашып кетіп, тек марқұмның анасы үндеу жасағаннан кейін қамауға алынған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы кісіні жазым қылса да әзер тұтқындалған күдікті "жазасыз қалады ма" деп күдіктенеді. Сондықтан бұл істі Ішкі істер министрі өз бақылауына алса дейді, делінген КТК жаңалықтарында.

Қайғылы жағдай бағдаршамның түбінде болған. Көлігі бұзылған 18 жастағы азамат тоқтауға мәжбүр болады. Сөйтіп салоннан сыртқа шыққан. Сол сәтте жолда жалғыз тұрған машинаны жүйткіген BMW бар екпінімен келіп соққан. Салдарынан Мейірбек Уалиханұлы ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды. Ал апатқа кінәлі жүргізуші бой тасалап үлгерген.

Күдіктінің өзі қаққан адамға көмек бермей кетіп қалғаны кадрдан анық көрінеді. Сұмдық оқиға 23 қараша күні таңғы алты шамасында болған. Бірақ бірнеше күн бойы адам өлтірген жігіт қолға түспеген. Тіпті марқұмның анасы "полицейлер оны іздеуге құлықсыз" деп, әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдауға мәжбүр болған.

Қағып өлтіріп, қашып кетті. Әлі бостандықта. Президент мырза және халқым!

Қайғыдан қан жұтқан ана: "Тек осы мәлімдемеден кейін ұлымды өлтірген күдікті өз еркімен полицейлерге келді", - дейді. Гауһар Қаппарбекова оның көлікті ішімдік ішіп басқарғанына сенімді. Соны жасыру үшін бірнеше күн қашып жүрді деген пікірде. Әрі бұл азамат қала әкімдігінің қызметкері екенін естіген. Енді ол тамыр-танысын пайдаланып жазадан құтылып кете ме деп күдіктенеді.

"Әкімдікте істейді екен" деп бостандыққа жібермеңдер! Босап кетуі мүмкін деп қорқамын. Мен жауыма тілемеймін. Ол тоқтап, басын көтерген кезде, мүмкін аман қалар ма еді. Мүгедек болса да, көз алдымда жүретін бе еді. Уәлихан Шамкенов, Мейірбектің әкесі

Тәртіп сақшылары осы атышулы дерекке қатысты 28 жастағы азаматтың қамауға алынғанын мәлімдеді. Бірақ ол қашан келді, өз еркімен бе, әлде полицейлер іздеп жүріп ұстады ма, ол жағы ашық айтылмады. Сондай-ақ күдіктінің ішімдік ішкен-ішпегені де әзірге жұмбақ. Бір белгілісі, оған қатысты екі баппен іс қозғалған.

Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бүгінде әкімдік қызметкері болып табылмайды. Асылхан Зәуірбеков, Тараз қаласы ПБ бастығы

28 жастағы азаматтың Тараз қаласы әкімдігіне қарасты медиаорталықты басқарғаны расталды. Шенділердің сөзінше, ол тоғыз ай бұрын өз еркімен жұмыстан шыққан екен. Бірақ қара жамылған отбасы бұған сенбейді.

Мейірбек Уәлиханұлы бір үйдегі төрт баланы үлкені еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: