Жаңалықтар тізбегі
0

Қызметкерін қылқындырған "Қазтелерадио" АҚ филиалы директорының басы дауға қалды

Алау, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 21:26 Алау
Заңгер бұл әрекетті директордың өзін заңсыз жұмыстан қаншама рет шығаруға талпынғанымен, бірақ оның бәрі сәтсіз болғандығымен байланыстырады.

"Қазтелерадио" АҚ-тың Қостанайдағы филиалының директоры қоластындағы қызметкерін қылқындырып тастамақ болды, деп хабарлайды zakon.kz tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" АҚ-тың Қостанай қаласындағы филиалының директоры Арман Ахметов жұмыс орнында қоластында істейтін заңгеріне тап берген. Мұның алдында ол оны жұмыстан шығармақ болыпты.

Оқиға акционерлік қоғамның ғимаратында болған. Заңгер Шәріпов баспалдақпен түсіп келе жатқанда артынан директор келіп, оның мойнынан бас салып, екі қолымен қылқындырған. Заңгер мұндайды күтпегенін айтады, өйткені ол күні екеуі мүлде жүздеспеген де екен.

Айғай-шу шыққанда қызметкерлер де жиналып қалған, сол кезде Шәріпов полиция мен жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған.

Заңгер бұл әрекетті директордың өзін заңсыз жұмыстан қаншама рет шығаруға талпынғанымен, бірақ оның бәрі сәтсіз болғандығымен байланыстырады.

17 ақпанда ол маған өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазу керектігімді айтты. Мен бас тартып, оған мәжбүрлеу заңсыз екенін айттым. Осыдан кейін ол менің жұмыс орнымда болмағаным туралы екі акт толтырды, - деді Шәріпов.

19 ақпанда ол қауіпсіздік бөліміне директордың үстінен арыз түсірген.

"Менің ойымша, бүгін сол арызым бойынша мәселе қаралған секілді, содан кейін ол мені тұншықтырған болуы керек", - дейді ол.

Қазіргі уақытта дене жарақатының деңгейін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне байланысты процессуалдық шешім қабылданады. Егер денеге жеңіл зиян келтірілсе, онда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы,1-тармағы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес күнге дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады) бойынша іс әкімшілік рәсімде қаралады. Орташа болса, онда материалдар тергеуге жіберіледі, - деді "Алау" басылымына Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: