Елбасы кедергіні мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырды

Шымкент Фото: пресс-служба акимата Шымента
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік шара барысында айтты.
1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың 98,7 пайыздық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті мандатын иеленді. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіз ел болу үміті қайта жанды. Шешуші сәтте ел тізгінін алған Нұрсұлтан Әбішұлы, осыдан 30 жыл бұрын кедергіні мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырды. Осылайша қазақ халқы мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялап, асқақ арманға қол жеткізді.Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде қала басшысы 30 жыл бұрын Мемлекеттік Туымыз тұғырға қонып, Елтаңба мен Гимн – мақтанышымыз болып бекітілгенін атап өтті. Сонымен бірге Конституциямыз қабылданып, мемлекеттік құрылымның негіздері айқындалғанын жеткізді.

Ең бастысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел тарихында алғаш рет заң жүзінде рәсімделген және әлем мойындаған 13 400 шақырымдық мемлекеттік шекараны бекітті. Ел шебін қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау үшін Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз