Жамбыл облысында мерекеге орай Мемлекеттік ту көтерілді

Бүгін Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:57 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне орай "Қыран елім-Қазақстаным!" атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шарада Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды. "Оңтүстік" әскери қолбасшылығының үрмелі оркестрі, мемлекеттік гимнді орындап, осы сәтте Ту көтерілді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қолөнер, сурет, шығармашылық көрмелері, жастардың қатысуымен мерекеге арналған флешмоб, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерден шашу шашты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаев, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, белсенді жастар мен өзге де шаһар тұрғындары қатысты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, "Қыран елім-Қазақстаным" атты акция аясында мемлекеттік туларды көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне ілу (Март ойын-сауық орталығы, облыстық қаржы басқармасының ғимараты, Абай даңғылы, 159 үй, "Жамбыл" қонақ үйі, Астана" ықшам ауданы, №1,2,6 үйлердің, "Ұлы дала" ықшам ауданы, 23 үй) ұйымдастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: