«ГорСнабқа» директор болған Тәжікеев сотталды

Қарағанды облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жұмыстарды нақты орындамай жазып берумен айналысқан «ГорСнаб» ЖШС директоры қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азамат Ә.Тәжікеев басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3% мөлшерінде сыйақы алып отырған. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.
Ә.Тәжікеев 2,6 жылға сотталды.
"Өз қаржысын қолма-қол ақшаға айырбастағандарға түк болмайды. Бірақ енді заңды рәсімдерді айналып өтіп, жалған мәмілелерді пайдаланғандар ұсталып қалса, жазасын алады", – деп ескертіп қойды ҚР ҚМА .
Бөлісу
0
Толық оқу