Көлеңкелі экономикамен күрес: 130 млн теңгеден астам соманың контрабандасы ашылды
ҚХР-дан жосықсыз жеткізушілер Қырғыз Республикасы арқылы Қазақстанға тауарлар ағынының жаңа схемаларын жасайды. Бұл біздің еліміздің мемлекеттік кіріс органдары тарапынан Қытай шекарасындағы импорттың көлеңкелі айналымын бақылауды күшейтумен байланысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысы жоқ жалған тұлғаға кәсіпорынды ресімдеу фактісі анықталды. Тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыздар берілді, сыртқы экономикалық қызметтің 4 қатысушысына қатысты тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, жазып берілген электрондық шот-фактураларды талдау барысында жоспардан тыс салықтық тексерулер тағайындалған салық төлеуден жалтару схемалары анықталды.
Жалпы, 2019 жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін ҚХР-дан ҚР арқылы транзитпен Қырғыз Республикасына Қытайдан шыққан көкөністер мен жемістер тасымалданды, олар бір тәуліктен аз уақыт ішінде ҚР-ға төмендетілген бағамен кері экспортталды.
"Осындай тауарларды әкелуге ешқандай қатысы жоқ салық төлеушінің атына 134 миллион теңгеге жуық сомаға Қырғызстаннан ҚР-ға тауар әкелудің 17 фактісі анықталды. 2019 жылдың 6 маусымында Мемлекеттік кірістер органдары Ішкі істер органдарымен және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп аталған тауарларды тасымалдаған көлік құралдарын ұстады. Тексеру шаралары жүргізілуде", - деді Ж.Іңкәрбаев.
Сондай-ақ, әкімшілік және қылмыстық істер қозғалған акцизделетін өнімдерді заңсыз өткізумен байланысты бұзушылықтар фактілері анықталды.
Сонымен бірге, тауарларды есепке алу және сату бойынша операцияларды көрсетпеу, шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, кассалық-бақылау машиналарды пайдалану тәртібін бұзу бизнес жүргізудің жүйелі бұзушылықтары тізімінде көш бастап тұр.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады деп, Комитет басшысының орынбасары Ж.Іңкәрбаев қорытындылады.