1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

ауа райы Фото: pexels
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қазгидромет 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, батыста, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман түседі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында түнде көктайғақ, бұрқасын болады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болмақ.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерінде тұман түседі.

Алматы облысының Алакөл көлінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -3-5 °С.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ауа температурасы түнде 0°С, күндіз +8+10°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +18+20°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз