24-26 маусымға арналған ауа-райы болжамы
pixabay.com
Тек еліміздің батысында, болжам бойынша, жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады.
Синоптиктер 24-26 маусымға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Атмосфералық фронтальды аралықтардың әсерінен республикамыздың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 24 маусымда Павлодарда, 24-25 маусымда Шығыс Қазақстан облысында, 25 маусымда Алматы облыстарында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Тек еліміздің батысында, болжам бойынша, жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады.
Республикамыздың кейбір өңірлерінде қатты жел тұрады деп күтіледі, атап айтқанда, оңтүстік облыстарда - шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды, солтүстігкте 17-28 С, орталықта 20-35 С, солтүстік-батыста 25-40 С дейін сынап бағаны жоғарылайды деп күтіледі, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript