29-31 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Қазгидромет 29-31 мамырға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Синоптиктердің айтуынша, аптаның соңында Атлант мұхитының аудандарынан ойысқан антициклон еліміздің көп бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"30 мамырдан бастап оңтүстік циклон өзге аймақтардан келген циклонмен араласып, соның әсерінен тұрақсыз ауа-райы қалыптасады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript