Желіде сауал көтерілді: Біз, қазақ елі, 19 миллионбыз ба?

Қазақтың саны қанша Сурет: Zakon.kz
Дұрыстап санасақ, 21 миллионнан да асып кеткенбіз

Менің күмәнім бар, дейді желіде Серік-Болат Маженов.

Дұрыстап санасақ, 21 миллионнан да асып кеткенбіз. Жақында өткен санақ дұрыс өтпеді, дейді ол өзінің жазбасында.

Халық санағына жұмыссыз отырған, көбі білімі жоқ, еш дайындығы жоқ адамдар тартылды. Қолдарына берілген планшетті қалай қосып, қалай өшіре білмейді, онымен қоса, этикет жағынан еш хабары жоқ. Мұнда жай планшеттегі анкетаны толтыра білгеннен басқа, психолог та болу керек. Инстаграм және басқа желілердегі сұрау (опрос) санақшылардың көбіне келмегенін аңғартты. Серік-Болат Маженов

Сонда бұл қай жерден алынған цифрлар?

Қазіргі кезде менің білуімше, адамдардың біршамасы ешқандай жерде тіркелмеген, құжаттары болса да. Коммуналдық төлемдерді аз төлеу үшін, мысалы, бір пәтерде бес адам тұрса, оның екеуі тіркелмеген. Базарларда құжынап жүрген тіркелмеген азаматтар қаншама? Олар саналды ма? Жоқ. Елдің Астанасында өз еліміздің еш жерде тіркелмеген азаматтары құрылыс алаңдарында қаптап жүр. Мал шаруашылығымен айналысатын қаладан алшақ жерде орналасқан қожалықтарда, егер бүкіл Қазақ елін алсақ тіркелмеген қаншама адамдар жүр. Серік-Болат Маженов

Соның бәрін ескерсек, соңғы санақ берген цифрлар өтірік болып шығады, деп пайымдайды пост авторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз