19 мамырдағы саудада доллар аздап көтерілді

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,21 теңгеге көтеріліп, 510,78 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,32 теңгеге (-0,01) түсті.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,75 теңге (-0,03) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 510,9-513,5 теңге, еуро 573-577 теңге, рубль 6,23-6,35 теңге аралығында сатылуда.
19 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы шілдедегі фьючерстерінің құны 0,64%-ға арзандап, барреліне $64,99 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,73%-ға арзандап, барреліне 61,52 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 509,51 теңге, еуроны 570,6 теңге, рубльді 6,3 теңге деп белгіледі.