20 мамырдағы саудада доллар тағы көтерілді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 15:55 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 20 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,82 теңгеге көтеріліп, 511,59 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,40 теңгеге дейін өсті (+0,08).

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,94 теңге (+0,18) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 511,9-514,5 теңге, еуро 575,5-579,5 теңге, рубль 6,25-6,37 теңге аралығында сатылуда.

20 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы шілде фьючерстерінің құны 0,02%-ға өсіп, барреліне $65,55 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,10%-ға өсіп, барреліне 62,20 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 510,78 теңге, еуроны 576,06 теңге, рубльді 6,35 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: