8 мамырдағы саудада доллар қымбаттады

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,52 теңгеге көтеріліп, 516,01 теңге болды.
Ресей рублімен сауда-саттық болған жоқ.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,26 теңге (-0,04) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 516,3-519 теңге, еуро 583,5-587,5 теңге, рубль 6,13-6,25 теңге аралығында сатылуда.
8 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,47 долларға өсіп, 61,59 долларды құрады.
Нью-Йорк NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай баррелі 0,54 долларға қымбаттап, барреліне 58,61 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 514,5 теңге, еуроны 582,67 теңге, рубльді 6,35 теңге деп белгіледі.