Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға мың тоннадан астам қауіпті картоп кіре жаздады

Фитосанитариялық бақылау, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 15:15 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қытайдан импортталған 19,8 тонна мандарин ұсталды

2021 жылғы 19-28 қараша аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, ҚХР-дан, Түркиядан және Ираннан әкелінген 1,4 мың тоннадан астам импорттық карантинге жатқызылған өнімді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 80 фактісінің жолын кесті.

66 жағдайда Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 1 мың тоннадан астам картоп, қияр, қызылша, бидай, арпа, кебек, кептірілген жемістер, апельсин, алма және банан, Қырғызстаннан 19 тонна картоп және фундук және 30 м/куб ағаш материалдары, Өзбекстаннан 0,1 тонна лимон, анар, алма және құрма және Ираннан 50 тонна картоп импорты кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды. ҚР АШМ баспасөз қызметі

1 жағдайда Ираннан 3 653 дана сәндік өсімдіктерді әкелу кезінде фитосанитариялық сертификатта қосымша декларацияның болмауы түрінде фитосанитариялық талаптарға сәйкессіздік анықталды.

13 жағдайда Ресей Федерациясынан жалпы салмағы 245 тонна бидай, көкөніс және жеміс-жидек, Түркиядан 18,9 тонна кептірілген інжір және ҚХР-дан 19,8 тонна мандарин импорты кезінде карантинге жатқызылған өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар құрастырылып, 4,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері өсімдіктер карантині саласында 5,3 мың бұзушылық анықталып, нәтижесінде 401,6 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: