Жаңалықтар тізбегі
0

Кей қазақстандықтар зейнетақы жинағын биыл пайдалана алмады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 18:06 Сурет: zakon.kz
Қымбатшылық қолдан жасалғандай көрінді

Бүгінгі күн қазақстандықтардың бір бөлігі үшін шок жаңалықтан басталды. 2022 жылдан бастап БЖЗҚ-дағы жинақты мерзімінен бұрын алудың шекті мөлшері өзгеретіні туралы хабар елді есеңгіретіп тастады.

2021 жылдың басында жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы қорынан жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілді.

Оның өзінде тек екі мақсатта: бірі – тұрғын үй жағдайын жақсарту (баспана сатып алу, ипотека рәсімдеу, қолданыстағы ипотеканы жабу), екіншісі – денсаулық жағдайын жақсарту. Яғни кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетілмейтін қызметтерді төлеу мүмкін еді.

Президент зейнетақы жиынтығынан алуға рұқсат бететін заңға қол қойылысымен көп күттірмей елдегі тұрғын үй бағасы жөнсіз кетті. Кемінде 2-3 млн теңгеге қымбаттады. Қымбатшылық қолдан жасалғандай көрінді. Соған қарамастан зейнетақы жинағынан шекті сомадан артылғанына 200 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты. Мыңдағаны күрделі медициналық қызметтің ақысын өтеді. Баспана бағасы сәл болса да арзандап, жағдай тұрақталып келе жатқандай еді.

Алайда енді шекті соманы 1,5-2 млн-ға көтеріп отыр

Зейнетақы жинағын бұл уақытқа дейін пайдаланып үлгермеген халық таңертеңнен бері БЖЗҚ сайтына лап қойып, нәтижесінде сайт істен шықты. БЖЗҚ болса біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшерінің өзгертілуін кеше қабылданған Бюджет туралы заңның түрткі болғанын айтып ақталып отыр.

Кеше Президент Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын. Онда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық параметрлерді ұлғайту көзделген. Ең төменгі жалақы ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері де өсетін болды. Бекітілген әдістеме бойынша төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Ол үшін жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты төмен жинақтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.

Қазақстандықтардың бір бөлігі зейнетақы қорындағы жинағын биыл пайдалана алмады. Жыл соңына дейін алып үлгермесе, келесі жылы шеткі сомадан аспауы мүмкін. Сондықтан Үкімет олардың сағын сындырмаудың жолын табуы керек. Әйтпесе бұл халықтың билікке деген сеніміне селкеу түсірері анық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: