Қазпоштаның екі қызметкері зейнеткерлердің ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді

Қазпошта Сурет: Zakon.kz
Келтірілген шығын сомасы 33 млн теңгеден асады

Қазір екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына тоғытылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mgorod.kz БҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне сілтеме жасай отырып, "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің екі қызметкері ЖШС өкілінің кәсіпорын шотына одан әрі аудару үшін тапсырған түсім ақшаның бір бөлігін иеленіп алғанын хабарлайды. Келтірілген шығын сомасы 33 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар, әйелдер зейнеткерлердің өздеріне артқан сенімін асыра пайдалана отырып, олардың 7 млн теңгеден астам ақшасын қолды қылған.

Әйелдерге қатысты ҚР ҚК 189-бабы, "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер БҚО-ның екі тұрғыны болып табылады, олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. БҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаменті

Тергеудің егжей-тегжей мәліметі, әзірге жария етуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз