Қостанай облысында есепші 10 млн теңгеге жуық бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді

Бюджет ақшасы, Қостанай облысы, әкімдік аппараты, есепші, ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 19:43 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында ауылдық округтер әкімдігінің бірінің аппаратында 9,8 млн теңге бюджет ақшасы ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Новотроицк ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері 9,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

"Штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру барысында бухгалтерге төленуге тиіс және іс жүзінде төленген жалақысы арасындағы айырмашылық анықталып, яғни 4 жыл ішінде бухгалтер өзіне артық соманы есептегені айқындалды. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы, атап айтқанда, ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу, сондай-ақ алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі елордалық мәслихат депутаттарының ашуын туғызған миллиард теңгелік жер учаскесін сатып алулары жөніндегі жоспарларына қатысты түсініктеме берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: