Түркістан облысында қоғамдық даму басқармасының басшысы бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді

Бюджет ақшасы, Түркістан облысы, қоғамдық даму басқармасы, басшы, жымқыру, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2025 11:47 Сурет: Zakon.kz
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының бірқатар басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК қоғамдық даму басқармасының басшысына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне тоқталды. Оған қарамағындағылармен сөз байласып, қызметкерлерге төлеуге бөлінген еңбекақы қорынан 191 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деп күдік келтіріледі.

Сондай-ақ, ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының комиссия өкілдеріне қаржылық-шаруашылық қызметті тексеру қорытындысы бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін 16 млн теңге көлемінде пара беру фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны да айтылады.

Соттың санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: