Елордада аса ірі инвестициялық іс-шара өтеді

Инвестиция «Kazakh Invest» ҰК» АҚ
Әлемдік бизнес-қоғамдастық, ресми және дипломатиялық орта өкілдерінің қатысуымен

Қазіргі әлемде инвестицияларды тарту кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ол ел экономикасының қарқынды өсуі мен дамуына ықпал етеді.

Бұл Қазақстан үшін де өте маңызды, сондықтан біздің елімізде шетелдік капиталды тартуға және шетелдік компанияларды қолдауға үлкен мән беріледі. Бұл тұста қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және инвестициялық имиджді ілгерілету – негізгі рөлдердің бірін атқаратынын ерекше атап өту қажет.

2017 жылдан бастап Қазақстан дәстүрлі түрде Орталық Азиядағы ең ауқымды инвестициялық іс-шаралардың бірі – мемлекет пен әлемдік бизнес-қоғамдастық арасында тиімді диалог орнатуға мүмкіндік беретін «Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел» (KGIR 2021) өткізіп келеді. KGIR-дің ағымдағы жылы қалай өтетіні және дөңгелек үстелде не күтілетіні туралы ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев айтып берді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара 7 желтоқсан күні аралас форматта өтпек. Дөңгелек үстелге әлемдік бизнес-қоғамдастықтың, ресми және дипломатиялық топтардың 200-ден астам өкілі, сондай-ақ онлайн форматында 1000 жуық ірі шетелдік корпорациялардың топ-менеджерлері, жетекші сарапшылары мен халықаралық БАҚ өкілдері қатыспақ.

«KGIR 2021 негізгі мақсаты – халықаралық нарықта елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік бизнес-қауымдастық назарын ҚР инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктеріне аудару. Іс-шара бағдарламасы «Қазақстандағы инвестициялар: 30 жылдық табыс» пленарлық сессиясынан және «Жаһандық экономикалық трансформация: пандемиядан кейінгі кезеңдегі сын-қатерлер мен даму перспективалары» атты панельдік сессиядан тұрады». ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев

Нақтырақ айтқанда, дөңгелек үстелдің пленарлық сессиясында Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік инвесторлар елімізде бизнес жүргізудің жеке тәжірибесі туралы айтып, елдің инвестициялық әлеуеті туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісетін болады.

Ал іс-шараның панельдік сессиясында экономикадағы заманауи үрдістер, сондай-ақ экономиканың басым секторларындағы инвестициялық әлеует талқыға салынбақ.

ҚР СІМ Инвестициялар комитеті басшысының айтуынша, іс-шара аясында инвесторларды марапаттау рәсімі, бірқатар екіжақты кездесулерді ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, ТМК, фармацевтика және т.б. жобалар бойынша жергілікті және шетелдік компаниялар арасында 30-дан астам ірі келісімдерге қол қою жоспарлануда.

KGIR 2021-дің басты хедлайнерлері – Технониколь Президенті Сергей Колесников, YDA Group Төрағасы – Хусейн Арслан, Goldbeck Solar Бас директоры – Йоахим Голдбек, YILDIRIM Group Президенті және бас директоры – Роберт Юксель Йылдырым, Air Liquide Вице-президенті – Филипп Кристодолу, INOKS Capital атқарушы директоры – Набиль Марк Абдул-Массих, ENI Вице-президенті – Гвидо Бруско, Polpharma Group BV Бас директоры – Маркус Зигер, Chevron компаниясының Төрағасы және бас атқарушы директоры – Майкл Вирт, Valmont Industries американдық трансұлттық компаниясының Президенті және бас атқарушы директоры – Стивен Г. Каневски, Citigroup Басқарушы директоры, мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі бөлімшенің басшысы – Джули Монако және т.б.

«KGIR - бұл ел экономикасына жаңа технологиялар мен үздік әлемдік тәжірибелерді тартуға мүмкіндік беретін ауқымды инвестициялық іс-шара. KGIR-ге кез келген адам қатыса алады. Ол үшін kgir2021.invest.gov.kz  сайты арқылы тіркеуден өту қажет». ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз