Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 17:58 Ақорда
Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс - Президент.

Әлемде коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс" деп жазды Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз жазбасына: "Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз" деп қосты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: