Павлодар облысында жедел жәрдем жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Жедел жәрдем жүргізушісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 12:59 Сурет: Zakon.kz
Қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында полицейлер жедел жәрдем жүргізушісін мас күйінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 5 желтоқсанда "құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

Сағат 00:15 шамасында Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері жанармай құю станциясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін біртүрлі ұстағанын байқайды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің ішімдік ұрттап алғаны белгілі болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданды. Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Ведомство аудандық аурухананың аға механигіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабы бойынша 40 АЕК айыппұл салынғанын атап өтті.

Айта кетейік, жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 650-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.

Қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды, олардың 14-і автокөлікті мас күйінде басқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: