Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер ролик түсіру үшін банк "тонады"

Әкімшілік құқық бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 21:11 Сурет: pixabay
Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды

Банк менеджері полицияға хабарласып, ғимаратта белгісіз адамдар клиенттерге қауіп төндіріп жатқанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында 14-15 жас аралығындағы кәмелетке толмаған үш жасөспірім банкті тонау сәтін видеоға түсіру үшін Достық көшесіндегі банк ғимаратына баса-көктеп кіргені белгілі болды. Олар ойыншық мылтықты қолдана отырып, видео түсіріп, содан кейін қашып кеткен. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Жасөспірімдер табылып, полицияға жеткізілді, олардың заңды өкілдері де шақырылды.

Кәмелетке толмағандардың айтуынша, олар көркем роликтер шығаратын киноакадемияға бір жыл бойына барып жүрген. Сабақ барысында олар жетекшілерінен банкті тонау видеосын түсіру туралы тапсырма алады. Банк ғимаратына кіріп, сценарий бойынша қыз өзінің серігіне ойыншық қаруды бағыттайды, ал үшіншісі осы сәтті видеоға түсіреді. Бұл уақытта залда клиенттер болған.

Аталған факті бойынша клуб басшысына қатысты Әкімшілік кодекстің 128 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жауапкершілік алды. Ата-аналарға қатысты Әкімшілік кодекстің 435 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: