"Алтын Орда" базарында ер адамды 2 мың теңгеге сатқан

Адам саудасы Сурет: Zakon.kz
Алматыда бір фирмада ұстап отырған, ұрады, тепкілейді екен - зардап шегушінің қарындасы Әсия

Адам саудасы бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан ІІ-орында тұр. Биыл да ел ішінде 141 қылмыстық іс қозғалған. Ішкі істер министрлігі бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстар аз емес дейді. Бірақ соған қарамастан жағдай оңалар емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасының тілшісі базарда 2 мың теңгеге саудаланған ер азаматтың жақындарымен тілдесті. Әсияның ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып, нан тапқан. Табысы мардымсыз болғандықтан, Алматыға жол тартыпты. "Алтын Орда" базарында 40 жастағы ер адамды әлдекім 2000 теңгеге сатып алыпты.

Бір машина келіпті, киімдерін, документтерін алуға. Сосын ағам әпкемізге: "Мені жібермеші, киімдерімді аламын деп алдап-сулап алып келдім мыналарды", – депті. Сөйтсе олар: "Біз бұл кісіні 2000 теңгеге сатып алғанбыз", – депті. "Алтын Орда ма", сондай базарда мылқау адамдарды сатады екен. Алматыда бір фирмада ұстап отырған екен, ұрады, тепкілейді. Зардап шегушінің қарындасы Әсия

Қылмыстың бұл түрі арзан жұмыс күшіне деген сұраныстан басталып, зорлық-зомбылыққа ұласады. Тіпті туылмаған, ішіндегі шаранасын саудаға салып жүргендер де аз емес. "Баламды сенімді қолға беремін" деп жарнамалайтындардың да көздегені ақша.

"Ақтаудың бір адамдарымен сөйлесіп қойдым, ол кісілер 2 миллион беремін, балаң маңызды деп отыр. Хабар күтіп отырмын әзірге. Балаға қатты мұқтажбыз деп отыр".

Ал құзырлы органдардың айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды. Олар  жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін де жағдайлар барын ескертті.

Ешкімге жеке құжаттарыңызды бермеңіздер, жұмыс түрін анықтап алыңыздар. Басқа қалаға немесе елге шықпас бұрын құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырып кетіңіздер. Және мекенжайыңызды жақындарыңызға айтып қойыңыз. ҚР ІІМ Криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов

Заңгерлер де адам саудасы табыс көзіне айналғалы қашан деп отыр.

Шынын айтсам, мына жезөкшелікпен де күресу керек. Өйткені  кейде күлкіге айналып кетеді. Бәрі біледі, кім оларды қолдап-қолпаштап отырғанын, оның ішінде полицейде кіріп кетеді. Сарапшылар да айтады, полицейлер де ақшаларын алып отырмыз деп. ҚР Президенті жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі, заңгер Марат Башимов

Жыл сайын мыңдаған ер азаматтар, әйелдер мен балалар өз елдерінде, кейде шет елдердегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында жұмыстар атқарылып жатқанымен, нәтижесі мардымсыз болып тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз