Жаңалықтар тізбегі
0

"Не орнымыз, не ақшамыз жоқ". "Алтын орда" базарында тағы да шу шықты

базар, Алтын орда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 00:22 Сурет: видео скрині
Алматы облысындағы "Алтын орда" базарында тағы да шу шықты. Бір топ саудагердің айтуынша, жаңа павильонға миллиондап қаржысын құйғанымен, басшылық ауысып кетіп, далада қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саудагерлердің сөзінше, құрылыс қысқа дейін аяқталуға тиіс болған. Алайда басшылық ауысып кетіп, жаздан бері тұралаған. Ал бұрынғы директор "алған ақшамызды қайтармады" деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Біз Маржан деген кассирге бердік. Ол Данияр Әлпиевтің кассирі болады. Сол кісіге ақшаны тапсырдық. Бұл жақта 300 адам бутикке ақша құйған. Жалпы 450 бутик сатылған екен. Орташа бұл жақта 4 миллионнан құйған. Мен 23,5 миллион теңге құйдым. Әпкем 18 миллион құйды. Сол сияқты 9,8 миллион . 1 миллиард 600 миллион теңге ақша жинаған". Кәсіпкер Әлия Көшбеспаева

Саудагерлердің көбі қазір жұмыссыз жүр. Олар "ақшамызды қайтарсын" деп, Қарасай аудандық полициясына да бірнеше ай бұрын шағымданған. Алайда "әлі нәтиже жоқ" дейді.

"Берілген чектердің бәрінің көшірмесін алып жатыр. Бірақ та прокуратурадан да, Қарасай ауданының сот орындары да ешқандай іс қозғамай жатыр. Әлпиевке қатысты. Құрылысты "Компания номер один" мойнына алып отыр. "Осы бутиктер салынса, қыздар орнын алса" деген ойдамыз". Кәсіпкер Райхан Айдарбаева

Жаңа келген басшылық "құрылысты жалғастыруға қайта кірісіп жатырмыз" дейді. Бұрынғы құрылыс компаниясымен келісімшарт бұзылып, басқасымен келіскен.

"Қазір құрылыс қанша пайызға жүргізілді, қандай құрылыс материалымен істелгені туралы смета құжаттарын дайындау аяқталды. Құрылыс қолға алынып, енді бұл меншік иесінің өз қалтасынан төленіп, өзі құрылысты аяқтауға кепілдік берді". "Алтын орда" базары атқарушы компаниясының заңгері  Ізбазар Өтеулин

Ал базардың бұрынғы басшысы Данияр Әлпиевтің адвокатының айтуынша, бұл даудың құқықтық негізі жоқ, келісімшарт біржақты бұзылған. 

"Ол ақшаның бәрі тікелей, яғни Әлпиевтің меншігіндегі "Алтын орда ню компани" компаниясы есепшотынан банк жүйесіменен "Компания номер один" ЖШС есепшотына түгел келіп түскен, яғни оны Әлпиев алып қашып кеткен жоқ. Оны тығып алып қалған жоқ. Бұл сонымен расталып тұр". Заңгер Әлібек Алмабаев

Саудагерлердің жазған арызы қазір Қарасай ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр. Алматы облысы полициясы істің тіркелгенін хабарлады. Мәселенің мән-жайын құзырлы орган анықтайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: