Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында жазасын өтеуші суицид жасады

Сотталушы суицид жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 15:06 Сурет: Zakon.kz
Сотталушы профилактикалық есепте тұрған

Қызылорда облысындағы колонияда сотталған азамат өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлім етті. 

2 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД аралас қауіпсіздік мекемесінде сотталушы адам өз-өзін өлтірген. Жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы оқиға орнына келді. Бейнебақылау камераларынан алынған материалдар зерделді, басқа жазасын өтеушілермен әңгіме жүргізілді. Суицид жасаушыға қатысты заңсыздықтар анықталған жоқ.Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Ведомствода нақтылағандай, сотталған адам ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі, 24-бабы, 3-бөлігі бойынша жазасын өтеп жатқан. 

Сотталушы өзін-өзі өлтіруге бейім пенде ретінде мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Оған бұған дейін "органикалық галлюциноз" диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: