Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейге кіру үшін талап етілетін ПТР тестінің жарамдылық уақыты қысқарды

Ресейге кіру тәртібі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 21:53 Сурет: РФ-дағы ҚР елшілігі
ПТР тестінің теріс нәтижесі енді 72 сағат емес, 48 сағатқа қана жарамды

Шетелдік азаматтардың, соның ішінде қазақстандықтардың Ресейге кіруі үшін коронавирусты теріске шығарушы ПТР тестінің жарамдылық уақыты қысқартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роспотребнадзордың қаулысына сәйкес, коронавирусты теріске шығарған ПТР тестінің жарамдылық мерзімі бұрынғыдай 72 сағат емес, 48 сағатқа қана жарамды.

Тиісті ақпарат Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің Facebook парақшасында пайда болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының Ресейдің тұрақты жолаушылар әуе қатынасын қайта жаңғыртқан кез келген рейстерімен көрші елге ұшып келуіне болады. Атап айтсақ, бұл тізімде Австрия, Әзірбайжан, Албания, Андорра, Армения, Багам аралдары, Бахрейн, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Германия, Греция, Дания, Джибути, Доминикан Республикасы, Мысыр, Үндістан, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Катар, Кения, Кипр, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Қытай, Колумбия, Куба, Кувейт, Ливан, Лихтенштейн, Люксембург, Маврикий, Мальдив, Мальта, Марокко, Мексика, Молдова, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Оман, Перу, Португалия, Корея Республикасы, Сауд Арабиясы, Солтүстік Македония, Сейшель аралдары, Сербия, Сингапур, Сирия, Словакия, Словения, АҚШ, Тәжікстан, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эфиопия, ОАР, Жапония елдері бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: