Жаңалықтар тізбегі
0

Иранның Ясуж қаласындағы ерекше құбылыс: аспаннан "балық жауды"

Балық жауды, Иран, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2024 12:18 Сурет: pixabay
Иранның Ясуж қаласында ерекше құбылыс көрініс тапты: аспаннан балық "жауды", деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Star басылымы жергілікті әлеуметтік желіде осындай сәтті бейнелейтін видео тарағанын жазады.  Иран тұрғыны нөсер жаңбыр кезінде көлігінен шығып, аспаннан түсіп жатқан ірі балықтарды видеоға түсіреді. Тіпті, ер адам көктен жерге түскен балықтардың бірін қолымен ұстап көрсетеді, ол әлі тірі екені байқалады.

Желіде видео астына пікір қалдырушылардың көбісі мұны діни кітапта жазылған жағдайға ұқсайтынын, атап айтқанда, Иезекиил пайғамбар туралы айтылғандарға сілтеме жасалады. Дегенмен, желіде пікір қалдырушылардың кейбірі аспаннан түскен балықтың тірі екендігіне назар аударып, видеоның шынайылығына күмән келтіреді. Кейбіреулер жазбаның авторы балық сататын сатушы сияқты екенін айтады, өйткені оның сирек кездесетін құбылыстың жалғыз куәгері болуынан күмәнданады. 

Сондай-ақ, бұл ерекше құбылыс ұсақ су жануарларын көкке лақтырған торнада сынды табиғи құбылыс болуы мүмкін екені болжанады. Ондайда кішкентай балықтар ауада қалықтап, үлкен биіктіктен толқынмен төмен түскенде жерге шашылуы ықтимал көрінеді. Ясуджа аймағында қатты дауыл болғанын ескерсек, бұл жағдай да мүмкін деседі тағы біреулер.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: