БАҚ: Қытай хакерлері Ұлыбританияның әскери қызметкерлерінің ақпараттық базасын "бұзып" кетті
Бұл арада кімдер (шабуыл жасағандар - авт.) екені айтылмайды, бірақ біз оның Қытай екенін түсініп отырмыз, деп жазады Ұлыбританияның Sky News басылымы.
Қытай мемлекеті Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің жеке құрамдағы қызметкерлеріне тиесілі ақпараттық базаны бұзуға екі-үш рет әрекет жасады деп айыпталады.
Кибершабуыл қазіргі әскери қызметшілер мен кейбір ардагерлердің жалақы жүйесіне бағытталған. Негізінен, әскери қызметкерлердің аты-жөні мен банк деректері жария болған.
Консерваторлардың парламенттегі мүшесі және бұрынғы сарбаз Тобиас Эллвуд Қытай "бұл арада ақша беріп, өздеріне тарту үшін қаржылық жағынан осал адамдарды қарастырған болуы мүмкін" деп санайды.
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер өздерінің қауіпсіздігіне алаңдамаса болады, оларға кеңестер мен қажетті қолдау көрсетіледі деп үміттенеді.
Қорғаныс министрлігі соңғы 72 сағат ішінде аталған мәселе ауқымын анықтау үшін күшейтілген режимде жұмыс істеді.
"Бұл алда Қытаймен арадағы қарым-қатынасы күрделі басқа елдер Ұлыбританиямен құпия барлау ақпаратын бөліскісі келетін-келмейтіндігі бойынша мәселе тудыруы мүмкін", - деп жазады Sky News.
Си Цзиньпин, Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бас хатшысы қазіргі уақытта мемлекеттік сапармен Еуропада жүр, бірақ Ұлыбританияға бару жоспарда жоқ.
2024 жылғы 2 мамырда Қазақстан ЦДИАӨМ вице-министрі Асхат Оразбек қазақстандықтардың дербес деректерінің Қытайдан шығуына байланысты кімдерді жазаланғанын айтты.