Түркиядан үй сатып алатын қазақстандықтар көбейген
Сурет: pixabay
Өйткені ол жақта баспана арзан
Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтардың саны төрт есе өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасынан берілген сюжетте 9 айдың ішінде 25 мың қазақстандық, басқа мемлекетке қоныс аударғаны, солардың басым бөлігі Түркияны таңдағаны айтылды.
Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылы қазақстандықтар Түркиядан 334 пәтер сатып алған болса, биылғы 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш 1339-ға жеткен. Түркияға көшкендердің көбі Алания, Анталия аймақтарын таңдапты.
Құрылыс салушы компания үйдің сызбасын сызып жатқанда алсаңыз, әлдеқайда арзанырақ аласыз. Егер қаласаңыз, құрылыс аяқтала салысымен, сатып жіберіп, пәтердің үстінен 20-30 пайыз пайда көре аласыз. Ал шаршы метрі 50-70 болатын дайын пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Түркиядағы нарықта сіз үйді жиһаздарымен ала аласыз. Тек тіс щеткасы мен чемоданыңызбен келсеңіз болды.Түркиядағы жылжымайтын мүлік сату агенті Мейірбек Тұрмағамбетов
Мейірбек Тұрмағамбетовтің айтуынша, наурыз айынан Түркиядан екі мыңға жуық қазақстандық баспана сатып алған. Үй сатып алушылар ол жақтағы баспана бағасының арзандығын алға тартады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript