Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қалың қар жауады

Қазақстандағы ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 15:20 Сурет: pixabay
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, қар жауады. Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. ҚР шығысында бұрқасын, батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады."Қазгидромет" РМК

Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және тау бөктерінде тұман түседі, солтүстігінде және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерінде тұман түседі, түнде – көктайғақ, оңтүстік-батыста және солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, түнде оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, облыстың шығысында боран соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі, орталықта және оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, шаңды дауыл күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы жел 1-6 м/с, түнде ауа температурасы - 28-30°С, күндіз-15-17°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде-3-5°С, күндіз -1+1°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +12+14°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: