Жаңалықтар тізбегі
0

Олаф Шольц Германияның жаңа канцлері атанды

Германияның жаңа канцлері, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 16:46 Сурет: twitter.com/TheVikasLohchab
Бүгін бундестаг Германияның жаңа үкіметін бекітті. Социал-демократиялық партия (SPD) жетекшісі Олаф Шольц Германияның жаңа канцлері атанса, жасылдар көшбасшысы Анналена Бербок сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол 1958 жылы 14 маусымда Оснабрюкте (Батыс Германия) тоқыма кәсібімен айналысушының отбасында дүниеге келген. 1978-1985 жылдары Гамбург университетінде құқық мамандығын меңгерген. Оқуды бітірген соң «Циммерман, Шольц және серіктестері» компаниясында адвокат болып қызмет атқарған. Еңбек құқығына маманданған.

 1998 жылы алғаш рет бундестагқа сайланып, 2000 жылдары Гамбург үкіметінде қызмет атқарды.

2007-2009 жылдары Германияның Еңбек министрі болды. Бұл қызметінде ішінара еңбекпен қамтылғандарға жәрдемақы тағайындау мәселесімен айналысқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдік қаржы дағдарысы кезінде ел дамуына айтарлықтай көмегі тиген.

 2011-2018 жылдар аралығында Гамбургтің мэрі, 2018 жылдан бастап вице-канцлер және қаржы министрі болды. Дағдарыспен күрестегі табысты саясаты оның танымал саясаткерлердің бірі атануына ықпал етті.

2020-2021 жылдары коронавирус пандемиясы жағдайында экономиканы қолдау шараларын әзірлеуге қатысты.

Олаф Шольц Германияда 16 жыл 15 күн канцлер болған Ангела Меркельдің орнын басты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: