Германия парламенті канцлер Олаф Шольцқа сенімсіздік вотумын жариялады
Deutsche Welle жазғандай, 16 желтоқсан, дүйсенбіде дауыс беру нәтижесінде 394 депутат Шольц үкіметіне сенім білдіруге қарсы дауыс берді, 207-сі оны қолдады, ал 116-сы қалыс қалды. Сенімсіздік вотумын қолдану бастамасын ең ірі оппозициялық фракциялар — Христиан-демократиялық және Христиан-социалистік одақтар блогы (ХДС/ХСС), сондай-ақ басқарушы коалиция құрамынан бөлініп шыққан Еркін демократиялық партиясы өкілдері қолдады. Сондай-ақ солшылдар партияссының, Сара Вагенкнехтің популистік одағының және "Германия үшін альтернатива" партиясының депутаттары да қарсы болды. Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлауға дайындық үшін сенімсіздік вотумы қажет болғандығы айтылады.
Германияның негізгі заңына сәйкес, сенімсіздік білдіргеннен кейін канцлер парламентті тарату туралы ел президентіне жүгіне алады. Олаф Шольц федералды президент Франк-Вальтер Штайнмайерге тиісті үндеу жолдады.
Егер Президент тұрақты үкімет құру мүмкін емес деп санаса, парламентті тарата алады. Заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысының шешім қабылдауына 21 күн уақыт беріледі, бірақ ол мұны бірден жасай да алады.
"Бүгін мен сенім білдіру мәселесін барлық сайлаушыларға бағыттаймын", - деді ол.
Енді Германия мерзімінен бұрын сайлауға және Бундестагтың жаңа құрамын жасақтауы үшін келесі саяси қадамдарға дайындалуда.
Бұған дейін ГФР канцлері Олаф Шольцты рейтингісінің төмен болуына байланысты Германияның Социал-демократтар партиясы 2025 жылғы ұлттық парламенттік сайлау кезіндегі үміткерлер тізімінен сызып тастауды қарастыруға мәжбүр екені хабарланған болатын.