Жамбыл облысы прокуратурасында «Заңдылық алаңы» ашылды

Адалдық алаңы Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Заңдылық пен құқықтық тәртіп керек екен

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыс прокуратурасының ғимаратында «Заңдылық алаңы» ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, прокуратура ардагері Қыдыралы Оспанов, облыстық сот және құқық қорғау органдарының басшылары, прокуратура ардагерлері қатысты.

Ашылған алаң заң үстемдігін, шешімдердің әділдігін, жоғары моральді, қызметкерлердің іске және мемлекетке адалдығын бейнелейді. Онда түрлі шараларды өткізу үрдіске айналмақ.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс прокуратурасы органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап, мемлекеттік билік жүйесіндегі бақылаушы органның алатын айрықша орнын атап өтті.

– Прокуратура органдары бүгінгі таңда адамдардың конституциялық құқығын қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіп саласындағы өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда. Мұндай ауқымды міндеттерді шешу прокуратура органдарының қызметкерлерінен жоғары кәсіби шеберлікті, адалдықты әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бердібек Сапарбаев

Облыс әкімі атап өткендей, өңірімізде прокуратура және өзге де құқық қорғау орган қызметкерлерінің бірлесе атқарған іс-шараларының нәтижесінде 40 мыңнан астам жамбылдық азаматтың құқығы қорғалған. Оның ішінде, 7 мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Салтанатты басқосуда прокуратура саласының бірқатар қызметкері марапатталып, жас прокурорлар жаңадан ашылған «Заңдылық алаңында» ант қабылдады. Үздік қызметкерлер мен ардагерлерге Бас Прокурордың, облыс әкімі мен прокурорының марапаттары табысталды.

Жиын соңында қатысушылар облыс прокуратурасының ғимаратындағы қайта жаңғырған мұражайды аралап көрді.

Тараз

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз