Кеше Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады

elbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2020 15:44 elbasy.kz
Елбасы елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы туралы ақпарат алды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.

Өз кезегінде Ә.Исекешев коронавирус эпидемиясына қарсы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму перспективалары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: