Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды
Бұл туралы Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын» – делінген Жарлық мәтінінде.
Ол 1971 жылы Қарағанды қаласында туған.
Білімі:
1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.
Еңбек өтілі:
1995-1997 жылдары Медеу ауданы прокурорының тағылымдамадан өтушісі, көмекшісі, аға көмекшісі; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-1998 жылдары).
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы.
1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, 2002 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді.
2002 жылғы қараша – 2003 жылғы маусым – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2003 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
2006 жылдан бастап – «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.
2007 жылдан 2008 жылға дейін – «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС қаржылық жобалау маркетингі бойынша директоры.
2008 жылғы наурыз – мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2009 жылғы мамырдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
2010 жылдың наурызынан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың 6 тамызына дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары– Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 6 тамыздан бастап, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.
2016-2018 жылдары Астана қаласының әкімі.
2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры.
2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарып келді.