Самат Әбіш қызметінен босатылды

ҚР ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 12:37 Сурет: ҚР ҰҚК
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы мәлімет Ақорданың ресми ақпараттық ресурсында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген Президент өкімінде.

Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің кезекті демалыста екенін мәлімдеген еді.

Ол бұл қызметке 2015 жылы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: