Самат Әбіш өз қызметінде қалды
Сурет: ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК ресми порталында Самат Әбіш демалыста екені жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz
"Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы демалысында," – делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында.
7 қаңтар күні-ақ ҚР ҰҚК баспасөз қызметі С. Әбіштің ұсталғанын жоққа шығарған еді.
2022 жылғы 7 қаңтарда Алматы қаласында ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С. Әбіштің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және арандату сипатындағы әрекет болып танылады. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ескерту: бірінші кезекте, ресми көздер тарататын ақпаратқа назар аудару қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript