Жаңалықтар тізбегі
0

Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2020 01:04 24.kz
Бұған дейін бұл қызметті Қалмұханбет Қасымов атқарған.

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын" делінген Жарлық мәтінінде.

Бұған дейін бұл қызметті Қалмұханбет Қасымов атқарған. Ол ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде жаңа лауазымға ие болды.

Әсет Исекешев 1971 жылдың 17 тамызында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Еңбек жолы:

1989 жылдан - "Омега" аспап жасау зауытының I разрядты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы (Орал қаласы).

1995 жыл - 1997 жыл Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі.

1998 жыл - 1999 жыл ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласының адам дамуы бөлімінің Стратегиялық бақылау басқармасы Стратегиялық талдау департаментінің бас маманы.

1999 жыл - 2000 жыл ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000 жыл - 2001 жыл ҚР Заң министрлігі жанындағы "Ұлттық заң қызметі" ЖАҚ президенті.

2001 жыл - 2002 жыл "Сұңқар" АӨК" ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, "Ұлттық консалтингтік топ" ЖШС президенті, "Ордабасы" корпорациясы" ААҚ вице-президенті.

2002 жыл - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдан - ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 2006 жылдан - "Қазына" ТДҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2006 жыл - мамыр айынан бастап - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2007 жыл - 2008 жылға дейін - Credit Swiss (Kazakhstan) ЖШС Қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жыл - ақпан айынан бастап - Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі.

2009 жыл 21 мамыр - 2010 жыл 12 наурыз - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

12 наурыз, 2010 жыл - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және сауда министрі.

2012 жыл - қаңтардан бастап қыркүйек айына дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жыл - қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жыл 6 тамыздан бастап 2016 жыл 21 маусымына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айынан бастап инвестициялық омбудсмен.

2016 жыл 21 маусым - 2018 11 қыркүйек Астана қаласының әкімі.

2018 жыл 10 қыркүйек - бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан бастап Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: