Ұлыбритания да Олимпиада ойындарының дипломатиялық бойкотына қосылды

Олимпиада ойындары Сурет: pixabay
Дегенмен Ұлыбритания үкіметінің басшысы спорттық шаралар бойкотына қарсы екенін баса атап өтті.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының дипломатиялық бойкотына Тұманды Альбионның да қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

НТВ келтірген дерекке сүйенсек, Ұлыбритания үкіметі өзінің ресми өкілдерін Олимпиадаға жібермейді. Ал Джонсонның өзі спорттық шаралар бойкотына қарсы екенін баса атап өтті.

Үкіметтің күмәні жоқ, біз Қытаймен осы мәселелерді көтереміз. Мен төраға Сиге (ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге) қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялау жайын айттым. Қандай да бір министрлер оған қатыса қоймайды, бірақ мен парламенттегілерге спорттық бойкот үкіметтің саясатына сай келмейді деп ойлайтынымды жеткіздім. Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон

6 желтоқсанда Ақ үйдің өкілі Джен Псаки америкалық дипломаттар мен шенеуніктер Олимпиада ойынын тамашалауға бармайтынын мәлімдеді. Бұған себеп - "Шыңжаңдағы геноцид және басқа да адам құқықтарының бұзылуы" деп атады. Іле-шала Австралия да бұл ишаратты қолдай кетті.

Қытай бұл шешімді саяси айла-шарғы деп санайды және америкалық та, австралиялық та саясаткерлерді Олимпиада ойындарына шақырмағандарын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз