Жаңалықтар тізбегі
0

Жер бетінен болашақта жойылатын елдер аталды

Жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін елдер , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 11:08 Сурет: pixabay
Бірнеше ел ішкі-сыртқы мәдени және саяси қарама-қайшылықтар мен табиғи апаттардың салдарынан жоғалып кетуі мүмкін

Этникалық, діни және әлеуметтік қайшылықтардан, сондай-ақ табиғи катаклизмдердің әсерінен жойылып кетуі мүмкін мемлекеттердің тізімі жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА новости хабарлағандай, ішкі-сыртқы мәдени және саяси қарама-қайшылықтарға байланысты АҚШ ХХІІ ғасырға жетпеуі мүмкін. Сарапшылар Американың ыдырауы 2012 жылдардан байқалғанын айтады. Сол жылдың өзінде-ақ барлық 50 құрама штаттың азаматтары Ақ үйге одақ мүшелігінен шығару туралы хат жолдаған.

Бельгияда фламандтар мен валлондар арасында этникалық араздық бар. Соның салдарынан алдағы 20 жылда валлондар Франциямен одақ құруы немесе Бельгия құрамынан бөлініп шығуы мүмкін.

Ұлыбританияға да ыдырау қаупі төніп тұр. Саясаттанушылар Ұлыбританияның құрамындағы елдер Лондонның Брексит туралы шешімін мақұлдамады деп отыр. Алдағы уақытта Шотландия бірлестік құрамынан шығуы мүмкін деген жорамал бар.

2008 жылғы қаржы дағдарысынан есін жия алмай жатқан Испания да екіге бөлінуі мүмкін. Себебі 2015 жылдың қаңтарында елдегі жұмыссыздық көрсеткіші 24%-ға жетті. Экономикалық сәтсіздіктер Каталония мен Баск елін Мадридтен тәуелсіздік алуға итермелейді деп санайды сарапшылар.

Жаһандық табиғи апаттар нәтижесінде жоғалып кететін елдерге келетін болсақ, Кирибати мен Мальдив аралдары мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты су астына қалуы мүмкін. Ал көптеген жылдар бойы су тасқынымен күресіп жатқан Нидерланд берік жағалаулар тұрғызғанымен елдің едәуір бөлігін теңіз шайып кетуі ықтимал.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: