Алматының мәслихат депутаттары өртке қарсы жаңа депоны тексерді

Депо жұмысын тексерді Сурет авторы: Дамир Ысқақ
Алатау ауданындағы өртке қарсы депо бірден алты жедел шығу мүмкіндігіне ие

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Алатау мен Наурызбай аудандарында жаңадан ашылған өртке қарсы депо жұмысын тексеріп қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың қатарында жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия депутаттары Рахат Шимашева, Ерболат Қасымов, Әлібек Шәпенов және Көпесбай Жәмпейісов бар.

Екі қабаттан тұратын өртке қарсы депо Ақжар ықшамауданында 1,5 жылдың ішінде салынған. Өртке қарсы депо Наурызбай ауданындағы 159 мыңнан аса тұрғынның қауіпсіздігіне жауап береді. Сонымен қатар жаңа ғимаратта ТЖД шұғыл әрекет ету орталығы орналасқан. Арнайы техникаларға автотұрақ бар. Қызмет көрсету, байланыс бөлімшесі, демалыс бөлмесі мен тамақтану орны, жаттығу залдары мен дәріс бөлмелері қарастырылған.

Алатау ауданындағы өртке қарсы депо бірден алты жедел шығу мүмкіндігіне ие. Бокстарда су толтырылған автоцистерналар орналасқан. Депоның оқу-жаттығу мұнарасы бар. Одан бөлек, заманауи өртке қарсы бөлімшеде отбасылық жатақхана бой көтерген.

Қала басшылығы алматылықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне баса мән беріп, мәселені қатаң бақылауда ұстап отырады. Жаңа ашылған деполардың әрқайсысында тиімді қызмет көрсетуге қажетті барлық жағдай қарастырылған: байланыс және хабарлама құралы, дәріс сыныптары, оқуға арналған бөлмелер, жұмыс пен демалыс бөлмелері бар. Құрылыс компаниясы кіреберіс жолды жасап, автокөліктерге орын, қуат көзін үнемдейтын сыртқы шамдар орнатып, бағдаршамдар, жауын шашынға арналған кәріз жолдары, апатты жағдайда электр қуатымен қамту жүйесін орнатқан. Сонымен қатар, көгалдандыру мен ауланы абаттандыру бойынша да барлық жұмыстан тыңғылықты орындалған. Жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Рахат Шимашева.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз