Қазақстан жаңа энергия көздерін игеру бойынша 83-орында

Жасыл экономика, Қазақстан, Армения, Тәжікстан, ДЭФ Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Армения, Ресей , Тәжікстан Қазақстаннан көш ілгері

Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасына сәйкес, соңғы 10 жылда 92 ел таза энергияға көшу көрсеткіштерін жақсартқан, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ретте Қазақстан 115 елдің арасында жасыл экономикаға көшу рейтингінде 83- орынға жайғасқан. Осы салада елдердің тек 10%-ы ғана айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.

Рейтингте Швеция, Норвегия және Дания секілді Скандинавия елдері көш бастап тұр.

Бұрынғы Кеңес одағы елдерінің арасында Арменияның (57-орын), Ресейдің (73-орын) және Тәжікстанның (75-орын) көрсеткіштері әлдеқайда жақсы. Қырғызстандағы жағдай оңып тұрған жоқ, 94-орын.

Моңғолия (113-орын), Гаити (114-орын) және Зимбабве (115-орын) рейтингте соңғы орынға ие болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз