Алматы полициясы көші-қон заңнамасын бұзған 83 шетелдікті елден шығарды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 13:21 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары туралы болып отыр.

Полицейлер оларды "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

"Іс-шара басталғалы 832 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 83 шетелдік ҚР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 177 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 23 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 171 шетелдік орналастырылды", – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар Алматыда өткен ЖАІ күндерінде Қазақстаннан өз бетінше шығу туралы сот шешімін орындамаған 21 шетелдік ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: