Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 14:46 Сурет: ҚР ІІМ
Олар Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.

Оларды полиция қызметкерлері “Мигрант” іс-шарасы кезінде анықтады.

"ЖАІШ-тың 4 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 360 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 288 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 40 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 464 шетелдік орналастырылды", – деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, іс-шара күндері көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген. Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: