Екі мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскер Ақтөбеде ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Полицейлер оны ұялы телефон сатпақ болған жерінен қолға түсірді. Күдікті өзінің тегін «Пушкин» деп таныстырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда құжаттары болмаған. Сот үкімімен ол 30 күн мерзімге жеке басына қатысты мәліметтер анықталғанша уақытша ұстау орнында болды.
Нәтижесінде күдіктінің шын аты-жөні басқа болып шықты. 36 жастағы Өзбекстан азаматы өз елінде көлік ұрлығы үшін іздеуде болған, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Ол сыбайластарымен бірге ұрлық жасамақ ниетпен тұрғын үйлердің біріне кірген.
Бұзақылар үй иесіне дене жарақаттарын салған. Жәбірленуші жан тапсырған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript