Алматы облысындағы тас жолдың бірі көліктің барлық түрлері үшін жабылды

Үшарал-Достық тас жолы Сурет: Zakon.kz
Оған қатты боран мен айналаның түк көрінбеуі сынды ауа райының тосын мінезі себеп

Республикалық маңызы бар автожол ауа райының нашарлауына байланысты сағат 17:30-дан бастап жабық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәлірек айтқанда, қатты боран мен айналаның түк көрінбеуі Үшарал-Достық тас жолындағы (84-184 км) қозғалыстың тыйым салынуына себеп болды. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жолдың осы бағыты бойынша азаматтардан сапарға шығу жоспарын кейінге қалдыруды және 112 қызметі жолдайтын СМС хабарламаларды елеусіз қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүру артықтық етпейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз