Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының кейбір мектептері онлайн оқуға көшті

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 05:17 pixabay
Оған себеп - коронавирус инфекциясы емес, табиғаттың тосын мінезі.

Жамбыл облысын алапат жел көшедегі адамдарды ұшырып, жүк көлігі мен қала ішіндегі аялдамаларға дейін аударып тастады. Бірнеше шағын ауданда жарық сөніп, бағдаршамдар істен шыққан. Ағаштар құлап, газ құбырлары қирады. Кей аудандарда қар аралас ақ түтек боран тұрды. Жолдар жабылып, жылу қазандықтары тоқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысында екпіні қатты жел соғып, қаланың астан-кестеңін шығарды. Тараздағы 18 көпқабатты үй, 16 мектеп пен 4 балабақшаның шатырын жұлып әкеткен. Жойқын жел 18 бағананы құлатып, салдарынан 2 шақырымға жуық электр желісі үзілді. Жеке сектордағы тұрғындардың да қоршаулары құлап, газ құбырларын қиратып тастаған. Табиғаттың тосын мінезінен 50-ден астам адам медициналық көмекке жүгінгенді. 41 адам түрлі дене жарақатын алып, жеті тұрғын стационарға жатқызылған. Оның үшеуі - бала. Медициналық көмекке жүгіндердің басым көпшілігі - терезе, ағаштар құлағаннан аяқ, қолы сыныпты. Мектеп оқушылары сабақты онлайн оқуға көшті, делінген Астана телеарнасының жаңалықтарында.

Талғат ЖАМАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қай жерде қатты жел уытқуы болып жатыр, қай жерде қауіп бар әр білім беру мекемесі шешім қабылдап, сол балаларды екінші ауысымдағы балаларды сабақтан босатып, онлайн форматта оқытып жатыр.

Қаланың жартысында жарық өшті. Осының кесіренен жылу қазандықтары уақытша жұмысын тоқтатқан.

Асхат ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылу беруші мекеме болса да сол жаңағы электр желісіне байланысты. Сол электр жүйесінің зақымдануына байланысты біздің қаладағы кіші бес қазандық уақытша жұмысын тоқтатты.

"Қазгидромед" мамандары дауылды ескерту таратқан еді. Бірақ бұлайшы болады деп еш ойламаған сияқты. Әзірге алапат желден келген шығын әлі белгісіз. Жел кешкісін ғана тынышталғандай болды. Қазір оның залылы есептеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Коммуналдық қызметпен бірге бірқатар мемлекеттік мекемелер күшейтілген режимге көшкен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: