Нұр-Сұлтан, Қарағанды, және ШҚО-ның кейбір ауылында сабақ болмайды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 16:19 Pixabay
Оған ауа-райының қолайсыздығы себеп.

28 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстарында мектеп сабақтары тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық Білім басқармасының мәліметі бойынша, қолайсыз ауа-райына байланысты қала мектептеріндегі бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушыларына және 1-2-курс колледж студенттерінің сабақтары тоқтатылды.

Қарағанды ​​қаласының білім бөлімі бірінші ауысымның 0-11 сыныптарындағы сабақтардың тоқтатылатыны туралы хабарлады. Екінші ауысым бойынша сағат 11.00-де хабарландыру беріледі.

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының хабарлауынша, Ұлан ауданында (Азовое, Троицкое, Гагарино, Қасым-Қайсенов ауылдары) ұйытқыған боранға байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптардағы сабақтар тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: